08.06.2021, 23:26
Оқиғалар
«Пәтер алуға көмектесемін»: жамбылдық тұрғындарды алдаған ер адам ұсталды
23 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жамбылда ер адам пәтер алуға көмектесемін деп, адамдардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденіп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеттер жасағаны үшін облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын ұстады.
«Алдын ала тергеу барысында пәтер алуға көмек көрсету сылтауымен ол Тараз қаласының екі тұрғынынан 200 мың теңгеден астам соманы иемденгені анықталды. Аталған деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады, ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы