ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Алматыда балаларды оңалту орталығының экс-директоры сотталды

Экс-директорға бір жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды

Алматыда балаларды оңалту орталығының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» теларнасына сілтеме жасап. Экс-директорға бір жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

«Балбұлақ» балаларды оңалту мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс былтыр басталған болатын. Экс-директор қол астындағы есепшілеріне жалпы сомасы 939 000 теңгені құрайтын сыйақыны жинап, өзіне беруді тапсырған. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған лауазымды тұлғаның бұл әрекетін құқық қорғаушылар әшкерелеген.

«Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушының ісі бойынша 939 мың теңге көлеміндегі материалдық залалды толықтай өтегенін ескерді. Осыған байланысты сот аталмыш тұлғаға мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу туралы жаза тағайындады», - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің басшысы Абай Жарылқасын.