Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Қайғылы оқиға болған күні 15 адам көлге шомылуға барған
Ақмола облысында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 5 маусым күні болған. Есіл аудандық полиция бөліміне аурухана фельдшері қоңырау шалып, жансақтау бөлімінде 17 жастағы жасөіспірімнің қайтыс болғаны туралы хабарласып.
Белгілі болғандай, 15 адам көлге шомылуға барған. Сол жерде 2004 жылғы жасөспірім бала суға батып көз жұмған.
«Жасөспірімдердің кездесу жайында мектеп әкімшілігіне ескертпегені анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жасөспірімнің өлімі өкпеге кірген судың әсерінен механикалық тұншығу салдарынан болған», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Полиция ата-аналарды жағажайлар мен су маңында балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауға, тыйым салынған жерлерде шомылмауға, жағалауда алкогольдік ішімдіктерден бас тартуға шақырады.