05.06.2021, 13:23
Оқиғалар
Адам саудасы бойынша айыпталған әйел Бахрейннен экстрадицияланды
Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам Қазақстаннан Бахрейнге қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберуді жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан топты басқарған деген күдікке ілінген.
«Қылмыс жасағаннан кейін З. Османова қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрген, сол себепті, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр