05.06.2021, 14:52
Оқиғалар
Шымкентте алаяққа алданған тұрғын 2,6 млн теңгесінен айырылып қалған
Іздестіру барысында жергілікті тұрғын ұсталды
Фото: ашық дереккөзден
Шымкентте алаяққа алданған тұрғын 2,6 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 2 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам салған ақшасын «Он пайызға» көбейтіп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 2 600 000 теңге ақшасын есеп шотына аударып алғанын және осы күнге дейін кері қайтармай, қашып жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты