$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2021, 14:56
Оқиғалар

Белсенді Ғалы Бақтыбаевты тапсырыспен өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, тараптар мен прокурор оған наразылық бере алды

Белсенді Ғалы Бақтыбаевты тапсырыспен өлтірді деп айыпталғандарға сот үкімі шықты
Ғалы Бақтыбаев, скрин: видео

Алқабилер соты Ғалы Бақтыбаевты тапсырыспен өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен хабарланды.

Сотқа Жанаарқа ауданының төрт тұрғыны - А.Д.Букенаев, Г.Ж.Ахмеджанов, И.А.Мияшов, Э.Жакен берілген.

Тергеудің нұсқасына сәйкес, Бақтыбаев Букенаевпен және Ахмеджановпен араздық қарым-қатынаста болды. Осыған байланысты, олар алдымен Бақтыбаевты ұрып-соғуды ұйымдастырды. Орындаушылары Жакен мен Мияшов болды.

«Кейіннен Букенаев пен Ахмеджанов Мияшовқа Бақтыбаевты ақшалай сыйақы үшін өлтіруді ұсынды. Мияшов келісіп, 2019 жылғы 28 мамырда Бақтыбаевты үйінің жанында қарауылдап, оған мылтықтан екі оқ атқан. Нәтижесінде Бақтыбаева оқиға орнында көз жұмды. Бұдан басқа, 2018 жылғы 22 желтоқсанында Мияшов Атасу кентінде Е. Б. Сейсембаевпен Ж.А.Дикопқа қатысты бұзақылық жасады, сондай-ақ 14.06.2019 жылы Степногорск қаласында О. А. Рахимовтың өміріне қастандық жасады», - делінген хабарламада.

Заң бойынша, егер істі алқабилер соты қараса, сотталушылардың кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы мәселе, сондай-ақ басқа да мәселелер дауыс беру арқылы шешіледі. Қатысушы 10 алқаби мен 1 судья дауыс береді. Әрқайсысы бір дауысқа ие. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Егер  айыппен келіспеу жөнінде 6 дауыс берілсе, ақтау үкімі шығарылады.

«Дауыс бергендердің 10-ы Бактыбаевты өлтіруді ұйымдастыру және өлтірді деп айыпталған Букенаевқа, Ахмеджановқа, Мияшовқа және Мияшовқа Рахимовты өлтіруге оқталған, заңсыз қару жарақ сақтау деген айыптар бойынша ақтау үкімін шығаруға дауыс берді. Алқабилер Мияшовтың Сейсембаевпен Ж.А.Дикопқа қатысты бұзақылық, сонымен қатар Э.Жакен және И.А.Мияшов Ғ.Бақтыбаевтың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру деген айыптары дәлелденді деген шешімге келді», - делінген ресми хабарламада.

Алқабилер шығарған үкім бойынша А.Д.Букенаев, Г.Ж.Ахмеджанов ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-бөлігі, 107-бабының 2-бөлігі, 4-тармағы, 28-бабының 3-бөлігі 99-бабының 2-бөлігі, 7,8-тармақтарымен қылмыстық құқықбұзушылықтары дәлелденбегендіктен ақталды.

И.А.Мияшов Қылмыстық кодекстің 28-бабы 2- бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 6,7,8 тармақтары, 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 13-тармағы, 287-бабы 2-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылықтары дәлелденбегендіктен ақталды.

Мияшов Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3- бөлігі, 2- тармағымен, 28-бабының 2-бөлігі, 107-бабының 2-бөлігімен 4 тармағымен, 58 бабының 3-бөлігімен 5 жылға сотталды.

Э.Жакен Қылмыстық кодекстің 28-бабы 2-бөлігі 107 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, тараптар мен прокурор оған наразылық бере алды.

Серіктес жаңалықтары