$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2021, 13:54
Оқиғалар

Алматы облысында полицияға қол көтерген тұрғын іздестіріліп жатыр

Жанжал шығарған азамат - Түрген ауылының 45 жастағы тұрғыны

Әлеуметтік желіде полиция өкілімен төбелескен Алматы облысының тұрғынына қатысты видео тарады.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасынан полицияға шағым түскен. Ол жерде ер адам медицина қызметкерлерін балағаттап, әйнекті сындырған. ПД-ның анықтауынша, жанжал шығарған азамат - Түрген ауылының 45 жастағы тұрғыны.

Ауруханадан түскен шағым бойынша оқиға орнына полиция қызметкері барып, ер адамды сабырға шақырған. Бірақ, ол полицейдің сөзіне құлақ аспай, еш себепсіз тәртіп сақшысының бетінен ұрған. Сосын аулаға шыққаннан кейін де полиция қызметкеріне бірнеше рет соққы жұмсап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ведомствоның хабарлауынша, күдіктінің үстінен 293-бап яғни, бұзақылықпен қоса, 380-бап яғни, билік өкіліне қатысты күш қолдану бабы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды.

«Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды. Қазір күдіктіні ұстау жұмыстары жүріп жатыр» ,- делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары