$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2021, 01:38
Оқиғалар

Атырауда биіктен секіріп мерт болған қыз тілдей хат жазып кеткен

Бұған дейін ол ықшамауданда тағы бір әйел тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен болатын

Атырауда 18 жастағы бойжеткен сегізінші қабаттан секіріп мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қыршынынан қиылған қыз өлер алдында тілдей хат жазып кеткен. Асығыс жазылған хатта тылсым дауыстардың о дүниелік болған әжесіне асықтырғаны айтылыпты.   

«Подьезде есік кейде ашық тұрады. Сол арқылы кірді деп ойлаймын. Ол қыз біздің үйде де тұрмайды. Хат та жазып кеткен, көрген боларсыздар? Ішіме бірдеңе кірді деген секілді. Ол енді белгілі нәрсе ғой, жын кірген немесе психологиялық ауытқу», - дейді Атырау қаласының тұрғыны Бағдәулет Өміртаев.

Бойжеткен секіріп кеткен 16 қабатты үй – Атыраудағы ең биік нысан. Ол қаладағы ескі қасапхананың орнына салынған. Сегізінші қабаттан секірген қыз асфальтқа басымен құлаған. Қайғылы оқиға болған жерде қан ізі әлі жатыр. Мұндай жан түршігетін оқиға соңғы екі аптада Алмагүл ықшамауданында екінші рет болып отыр.

«Бұған дейін де 15 мамыр күні дәл осы ықшамауданның №10 үйінің тоғызыншы қабатынан әйел адамның секіріп кеткені туралы хабарлама түскен. Ол іс бойынша да Қылмыстық кодексінің 105-бабымен тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
 

Серіктес жаңалықтары