25.05.2021, 18:05
Оқиғалар
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды
Жүк көлігін Қырғызстан азаматы басқарған
25 мамыр күні таңғы сағат алтыда Хромтау ауданы Бөгетсай кентінің маңында «Самара-Шымкент» автожолының 909 шақырымында ірі жол көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, 61 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Nissan Primera автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Мерседес-BENZ маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда барынша абай болуды ескертті.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті