ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Атырауда жүкті әйелін ұрып-соққан ер адам жауапқа тартылды

Аяғы ауыр келіншек жүктіліктің сегізінші айында болған

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда жүкті әйелін ұрып-соққан ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 мамыр күні Атырау қалалық ПБ-ның “102” жүйесіне 33 жастағы әйел өзінің заңды некедегі жолдасы мас күйінде тұрмыстық жанжал шығарып, балағаттап, бопсалап, соққыға жыққаны туралы хабарлады. Аталған азаматша жүктіліктің сегізінші айында болған. 

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері әйелін ұрып-соққан 1988 ж.т. ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Айта кету керек, соңғы жылдары елімізде тұрмыстық заң бұзушылық мəселесе өзекті мəселеге айналып отыр. 
Егер сіз тұрмыстық зорлық- зомбылыққа ұшырасаңыз, не болмаса туысыңыздың, құрбыңыздың, көршіңіздің ұшырағанына куə болсаңыз “102” жүйесіне немесе зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторына 8-778-932-93-92 немесе 98-35-32 нөмірлеріне қоңырау шалып, көмек алуларыңызға болады.