ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер арасында жаппай төбелес болды

Зардап шеккендер жоқ

Әлеуметтік желіде мектеп бітіруші түлектердің арасында жаппай төбелес болғаны жайлы видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, төбелес Бейнеудегі (Маңғыстау облысы) мектептердің бірінің жанында болған.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 25 мамыр сағат шамамен 11:00-де Бейнеу ауданында болған. Жанжал Бейнеу ауылдық округіндегі Ж.Қалдығараев пен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында шыққан.

«Оқиға орнына полиция өкілдері барып, 7 адам ұсталды және олардың бәрі бөлімшеге жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталмыш факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша тіркеуге алынды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Қазақстан бойынша 150 мыңнан аса түлек 11 сыныпты, 270 мыңдай оқушы 9-сыныпты бітірді.