25.05.2021, 20:51
Оқиғалар
Шымкенттік тұрғынды 13 миллион теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкентте алаяқ тұрғынды 13 миллионнан астам теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
«2021 жылдың 22 мамырда Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында таныстары арқылы мемлекеттік сатып алу бойынша тендер ұтып алып беремін деп, оның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 13 100 000 теңге ақшасын алғанын жазып көрсеткен», - делінген хабарламада.
Шымкент қалалық ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұғынды анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
