$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2021, 23:59
Оқиғалар

Екібастұзда суға батып бара жатқан жасөспірімдер ажал аузынан аман қалды

Жасөспірімдер орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді

Екібастұзда суға батып бара жатқан жасөспірімдер ажал аузынан аман қалды

Солнечный кентінің 1991 жылғы тұрғыны Леонтьев Денис Александрович кәмелетке толмаған балаларға қол ұшын созған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 мамырда 18 сағат 35 минутта «112» пультіне жергілікті тұрғын суға батып бара жатқан ұлдарды құтқарғаны туралы хабарлама түскен.

«ГРЭС-2  арнасында  2009 және 2010 жылдары туған кәмелетке толмаған екі бала  суға шомылуға белгіленбеген жерде батып кете жаздаған.   Жасөспірімдер орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Дәрігерлердің бақылауында», - дейді департаментте. 

Павлодар облысының ТЖД ыстық күндерге қарамастан, шомылу маусымы жабық екенін хабарлайды. Құтқарушылар облыс тұрғындары мен ата-аналардан жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмаған балаларды бақылауды сұрайды. Сондай-ақ мас күйінде шомылуға болмайтынын еске салады. 

 
Серіктес жаңалықтары