Адам ұрлады деп күдікке ілінген қазақстандық азамат Беларусьтен экстрадицияланды
Ол бұған дейін халықаралық іздеуде болған
Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполының қызметкерлері адам ұрлады деп күдікке ілінген қазақстандық азаматты Белорусь елінен экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, Қазақстанға экстрадицияланған азаматтың аты-жөні – Владимир Тургунов.
Ол қару қолдану арқылы қарақшылық шабуылды, адам ұрлауды және 100 млн теңгеден астам сомаға бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастырған деген күдiкке ілінген.
«Қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта В. Тургунов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.