$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2021, 13:17
Оқиғалар

Ақмолада досының үйін тонап кеткен ер адам ұсталды

Ер адамның үйге терезе арқылы кіргенін анықталды

 
Ақмолада досының үйін тонап кеткен ер адам ұсталды

Ақмолада досының үйін тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД КПБ қызметкерлері Целиноград ауданының Қошқарбаев ауылының 58 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Биылғы 29 наурыз күні сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін белгісіз адамдар үйден 40 кг ет пен «Samsung» маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қылмысты істеген адамның пластикалық терезені қысу арқылы үйге кіргенін анықтады. Полиция үйде толық тексеру жүргізе келе, қылмыс орнында саусақ іздерін алып, барлық көршілермен сұхбат жүргізді.

«Тексеру нәтижесінде жедел полиция қызметкерлері қаскүнемді анықтай алды, ол 46 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адам өз кінәсін мойындады, ол жәбірленушінің ұлының досы болып шықты. Ол бұрын жәбірленушінің үйінде болғанын, заттарын алу үшін оралғанда үйде ешкім болмағанын айтты. Сол себепті үйге кіріп, осындай қылмысқа баруды шешкен», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары