22.05.2021, 03:59
Оқиғалар
Шымкентте 11 жасар балаға қазық қадалып қалды
Абайсызда құлаған баланың сол жақ өкпе тұсына қазық кіріп кетті
Фото: natgeotv.com
Шымкентте 11 жасар оқушы ойнап жүріп абайсызда құлап, соның салдарынан сол жақ өкпе тұсына қазық кіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Бала жақын жердегі №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Шамамен 15-20 сантиметрлі қазық кіріп кеткен оқушыға дереу ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті аяқталған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бір қалыпты. Ақ халаттылар ата-аналарға балаларына баскөз болып, сақ болуға шақырады.
Жаз мезгілінде осыған ұқсас оқыс оқиғалар саны артады. Дәрігерлер, ата-аналарға барынша балаларына баскөз болып, сақтанып жүреге шақырады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)