$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2021, 16:51
Оқиғалар

Инспектор «киіктің лағы адам құшақтағаннан өліп қалады» деген уәжге жауап берді

Ақмола облысында киіктер төлдеп жатыр

Инспектор «киіктің лағы адам құшақтағаннан өліп қалады» деген уәжге жауап берді
фотода: құралайды ұстап отырған инспектор Жүсіп Құсайынов

Әлеуметтік желіде киіктің лағын (құралай - ред.) құшақтап суретке түскен жандардың әрекеті қызу талқыланып жатыр. Кей желі қолданушылары «адам құшақтаған құралайды енесі де, басқа киік те қайтып емізбейді» деген уәж айтқан. Тағы бірі «адам алақанының уыты жұғып, құралай өліп қалуы мүмкін» дегенді алға тартады.

Экология министрілігінің ресми өкілі Самал Ибраева Ақмола облысында Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті рұқсат берген фототүсірілімге қатысты жауап берді.

Осы жағдайға байланысты киіктердің төлдеу маусымында видео-фототүсірілімдерге мүлдем тыйым салатын арнайы құжат әзірлеуге басшылылққа өтініш берілмек. Себебі, қазір ондай нақты регламент жоқ екен.

«Охотзоопром» РМКК Ақмола облысы бойынша филиалының инспекторы Жүсіп Құсайынов «киіктің лағы адам құшақтағаннан өліп қалады» деген мәселеге қатысты жауап берді.

«Менің осы қызметте жүргеніме 4 жыл болды. «Киіктің лағын адам ұстаса, ол өліп қалады» деген қауесетке сенбеңіздер. Кейде жол бойында жатқан құралайды ұстап, көтеріп, басқа киіктердің артынан бағыттап жібереміз. Осыдан екі жыл бұрын бинокльмен бақылап, сол лақты ар жақтан енесі келіп емізген. Адамның иісі қалады, енесі қабылдамай қояды деген қауесетке сенбеңіздер. Бірде бір киіктің лағы зардап шеккен жоқ. Мен көзіммен көргенді, жеке тәжірибемнен айтып отырмын», - деді ол.

Еске салайық, 13 мамырда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті БАҚ өкілдерін жинап, Бетбақдаладағы киіктер популациясы, оларды қорғаумен айналысып жүрген инспекторлардың жұмысы, Қызыл кітапқа енген дала жануарының төлдеу маусымымен таныстырды.

Серіктес жаңалықтары