ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 2781 адам коронавирус жұқтырды

«Қызылорда аруы» экс-әкіммен туыстық жақындығы жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Серікбай Нұрғисаев 1999-2004 жылдары Қызылорда облысын басқарған

«Әлем аруы» сұлулық байқауында бақ сынаған Камилла Серікбай өзінің Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Серікбай Нұрғисаевтың туысы екенін жоққа шығарды.

Жуырда «Уши Коянбаева» атты телеграм-каналда «Әлем аруы» байқауында Қазақстан атынан бақ сынаған Камилла 1999-2004 жылдары Қызылорда облысын басқарған Серікбай Нұрғисаевтың немересі деген пост жариялады.

«Қызылорда аруы» Камилла Серікбай бұл ақпаратты жоққа шығарып, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескертті. 

«Камилла Серікбай Қызылорда облысының экс-әкімінің немересі және жоғары шенді шенеуніктің қызы деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескерткім келеді. Бұл ақпаратты растап алу үшін БАҚ менімен байланысқан жоқ. Бұл кәсібилікке жатпайды деп есептеймін.

Мен және менің отбасымның Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлымен ешқандай байланысы да, таныстығы да жоқ», - деп жазды ол Instagram-да.