Атырау тұрғынының 56 млн теңгесін ұрлап кеткен әйел ұсталды
Күдікті Шымкент қаласында қолға түсті

Атырауда 56 млн теңгені қолды еткен ұры анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«28 наурыз күні жылы сағат 00:22 -де «102» арнасына 1975 ж.т. азаматша қоңырау шалып 2021 жылдың 26-28 наурыз күндері белгісіз адамдар пәтерге кіріп, сейфтен 56.000.000 теңге ақшасын жымқырып кеткенін айтқан», - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 27 наурызда жылы жәбірленушінің пәтеріне еркін кіру арқылы сейфті ашып, ақшаны жасырын жымқырып кеткен, пәтерде үй қызметшісі ретінде жұмыс істеген 1979 жылғы әйелді ізін суытпай анықтады.
Күдікті Шымкент қаласында ұсталды.
Айта кетейік, Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 19-21 мамыр аралығында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.