Ұландық жауынгерлер елордада жоғалған екі жасар баланы тапты

Бүлдіршінді іздеу жұмыстары жарты сағатта қуанышты хабармен аяқталды

Ұландық жауынгерлер елордада жоғалған екі жасар баланы тапты

Ұландық жауынгерлер елордада жоғалған екі жасар бүлдіршінді тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 мамыр күні сағат 12.30 шамасында елорданың Алматы ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген 5573 әскери бөлімінің жасағына шұғыл хабарлама түсті.

«Қалалық Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы таратқан ақпаратта екі жасар баланың жоғалғаны айтылған. Әскери жасақ бастығы қатардағы Мадияр Тохтар, патрульші сарбаздар Жайық Рысқазы мен Ернұр Өмірбек хабарламаны алған бойда көрші жасақтарға да хабарлап, бірден іздеуге кірісті», - делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстары ұзаққа созылмай, жарты сағатта қуанышты хабармен аяқталды. Баланың ата-анасы қырағы қызметі мен жедел көмегі үшін Ұлттық ұлан әскери жасағына алғыс білдірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.