ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

ШҚО-да жоғалып кеткен екі бүлдіршіннің денесі арықтан табылды

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шарасы басталды

© CC BY

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында екі кішкентай бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

17 мамыр күні сағат 13.40-та Үржар ауданының полиция бөліміне Елтай ауылында 3 жасар екі ұл баланың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кіріскен. Балаларды іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да атсалысты.

«Іздеу жұмыстары нәтижесінде екі баланың денесі олардың үйінен 350 метр қашықтағы бау-бақша суаратын арықтан табылды», - делінген ШҚО Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шарасы басталды. Тағайындалған сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады.