$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2021, 18:22
Оқиғалар

Алматыда Баян Алагөзова жарнамалаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

39 жастағы күдікті қамауға алынды

Алматыда Баян Алагөзова жарнамалаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Алматыда ірі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды. 1982 жылы туған К. есімді азамат Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпталып отыр. Күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстам Әбдірахманов мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бір топ азамат Алматы қалалық полиция департаментіне қаржылық пирамида құру және басқару фактісі бойынша ASTEX.KZ ЖШС, ACD technology ЖШС және MUDARABAN Capital ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ұжымдық арызбен жүгінді. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында 2019-2021 жылдар аралығыңда аталған ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысуға талап етілген қаражатты тарту мақсатында бірлескен қызмет туралы келісімшарттар жасағаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар әр салымшыға ай сайын енгізілген соманың 20% төлеуі керек болатын. 

Оқи отырыңыз: Баян Алагөзова жарнама жасаған компанияға 200-дей адам алданған

Сондай-ақ ASTEX.KZ ЖШС-ға 160 салымшыдан 1 миллиард теңгеге жуық қаражат оның агенттік компаниясы MUDARABAN CAPITAL ЖШС арқылы түскені анықталды.  

Сондай-ақ, басқа компаниялар да анықталды, олар арқылы салымшылардан ақша ағындары ASTEX.KZ пен ACD technology ЖШС-не беріліп отырды.

1974 жылы туған М. есімді азамат та қаржы пирамидасын құру мен басқаруды жасады деген күдікке ілінді. Оны ұстау үшін жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Сот ASTEX.KZ және ACD technology ЖШС-ның заңды мекен-жайында тінту жүргізу туралы қаулы шығарды. Сотқа дейінгі тергеу Алматы қалалық ПД Тергеу Басқармасының тергеушілеріне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары