ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

«Періште қақты». Үш жасар қызы көліктен құлап кеткен жүргізуші әйелге қатысты іс қозғалды

Жүріп келе жатқан көліктен құлап кеткен бүлдіршін зардап шеккен жоқ

скриншот: видео

Алматы облысында үш жасар баланың Hyundai Elantra автокөлігінен құлап кеткен видеосы жарияланды. Оқиға 17 мамыр сағат 10:00-де Іле ауданына қарасты Өтеген батыр кентінде болған.

Патрульдік полиция ротасының инспекторлары көлікті басқарған 32 жастағы әйелді ұстады. Құлап кеткен бала көліктің алдыңғы орындығында отырған, сонымен қатар көлікте баланы ұстап тұратын құрылғы болмағаны анықталды. Бүлдіршін зардап шеккен жоқ.

Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Баланың анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Желі қолданушыларының бір бөлігі қауіпсіздік ережелерін сақтамаған бүлдіршінің анасын кінәләса, бір бөлігі қатты бұрылған көліктен түсіп қалған баланы «періште қақты» деген пікір білдірді.