ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Қазан қаласындағы атыс: 11 адам қаза тапты

Қазан қаласындағы мектепке қару асынған екі адам кірген

Бүгін Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепке қару асынған екі адам кіріп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан 11 адам қаза тауып, зардап шеккен 16 адам ауруханаға жеткізілген.

17 жастағы қылмыскерлердің біреуі терезеден секіріп кеткен, ал оның серіктесін күш құрылымдары мектептің екінші қабатында бұғаттаған.  

Қазіргі таңда мектеп айналасын Росгвардия жауынгерлері қоршап тұр. Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі келген. Мектеп оқушыларының жартысы далада, іште қалған адамдар болуы әбден мүмкін. Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Минниханов пен бас прокурор Илдус Нафиков аттанды.  

РИА агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында бастауыш сынып мұғалімі бар.

«Оқ атылғанын бүкіл мектеп ішіндегілерге естілген. Бірнеше рет оқ атқан. Бастауыш сынып мұғалімін оқушылардың көзінше атқан деген ақпарат бар», - деп жазады агенттік РИА тілшілері.

Татарстан президенті Рустам Минниханов қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетінін жеткізді.