ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Ганг өзенінен коронавирустан қайтыс болған 30 шақты адамның мәйіті табылды

Үндістанда вирус жұқтырғандар саны 22,2 миллионнан асты

Үндістанның Буксар қаласындағы Ганг өзенінен коронавирустан қайтыс болған адамдардың кем дегенде отыз мәйіті табылды.

Округ әкімшілігі көз жұмған адамдардың денесі көрші мемлекеттен сумен ағып келген болуы мүмкін деп мәлімдеді. Алайда, жергілікті халық жағалауда орналасқан ауыл тұрғындары кремация мен жерлеу рәсімінің қымбат болуына байланысты қайтыс болған адамдардың денелерін өзенге амалсыздан лақтырады деп санайды.

Үндістанда вирус жұқтырғандар саны 22,2 миллионнан асты.

Ал, Ұлыбританияда ұзақ мерзімдік қатаң шектеулерден кейін 17 мамырдан бастап қоғамдық орындар мен пабтарда, кафелер мен мейрамханаларда кездесуге рұқсат етіледі. Бұл төрт кезеңдік карантиндік шектеулерін жеңілдетудің үшінші сатысы. Биліктің айтуынша, жаппай вакциналаудың арқасында елдегі эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарды.

ДДҰ мамандарының айтуынша, коронавирус қауіп әлі сейілген жоқ. Инфекция деңгейі әлі де жоғары жекелеген елдер бар.