ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Автокөлікпен адам сүйреген: Павлодарда полиция куәгерлерді іздестіріп жатыр

Қазір оқиғаның мән-жайы мен себеб анықталып жатыр

Павлодар облыстық Полиция департаментіндегілер куәгерлер туралы мәліметті жарияламауға және құпиялықты сақтауға кепілдік беріледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері мониторинг барысында мессенджерде тараған автокөлікпен адамды сүйретіп жүргені түсірілген видеоны анықтаған.

«Аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасында тіркелді.  Бұл жайтқа қатысы бар адамдар мен куәгерлерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», - деді департамент бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Арада көп уақыт өтпей, полицейлер көліктің Назарбаев даңғылы мен Толстой көшесінің қиылысынан өткенін анықтап, осы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде видеоның Павлодар қаласында 2019 жылы «Аға» фильмі кезінде түсірілгені анықталды. Ал автокөлік сүйреген - адам емес, манекен.