Грузиядағы қазақстандық бойжеткеннің өлімі: Күдікті қамауға алынды
Грузия полициясы өзін өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғады
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Грузияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық бойжеткенге қатысты ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап.
«Грузияның құқық қорғау органдары біздің елшілікке берген ақпаратқа сәйкес, биылғы 5 мамырда Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезелерінің астынан Қазақстан азаматының денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз 9-қабаттан құлап мерт болған», - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.
Грузия полициясы өзін өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Полиция күдіктіні қамауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
«Грузиядағы Қазақстан елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел азаматының денесін Отанына жеткізуге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр», - делінген хабарламада.