07.05.2021, 22:50
Оқиғалар
«Тұрғын үй кезегін жылжытамын»: Шымкентте бейтаныс азаматты алдаған алаяқ ұсталды
Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
«Тұрғын үй кезегін жылжытамын» деп шымкенттікті алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 5 мамырында Қаратау аудандық ПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, бейтаныс азамат тұрғын үй кезегін жылжытып беремін деп, алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын иемденген. Қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не тұрғын үй кезегін жылжытып бермей жүргенін жазып көрсеткен.
Қаратау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының 45 жастағы тұрғыны анықталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
