07.05.2021, 21:38
Оқиғалар
Таразда жантүршігерлік жол апаты болды
Ер адамды соғып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Фото: ашық дереккөзден
Таразда жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 6 мамырда Абай даңғылы бойында болған. Апатқа кінәлі көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған.
"Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан адамның бөлшектенген денесі жолдың әр жерінде шашылып жатыр", - деп жазылған инстаграмдағы onlinetaraz паблигінде.
Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апатқа байланысты тергеу амалдары басталды.
"Полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін анықтап, оны ұстады. Бірқатар сараптама белгіленді", - деп хабарлады полиция.
Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 17:55
Пышақпен қорқытып, шоттарынан ақша шешкен: Астанада бірнеше қылмыс істеген екі жасөспірім 5 жылға сотталды
27.11.2026, 12:30
Алматыдағы бес адамның өлімі: алапат өрттен бірнеше минут бұрын үйге кірген бейтаныс әйелдің видеосы таралды
27.11.2026, 20:11
«Қазатомөнеркәсіптің» қос топ-менеджері екі ай мерзімге қамауға алынды
