ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Мальдивтегі жарылыс кезінде экс-президент жарақат алды

Ел билігі бұл жағдайға діни экстремистерді кәналап отыр

Мальдивте елдің экс-президенті, қазіргі парламент спикері Мохамед Нашид Республика астанасында болған жарылыс кезінде жарақат алды. Құрылғы оның үйінің жанында жарылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Нашид демократиялық жолмен сайланған алғашқы президент болып саналады. Ол елді 2008 жылдан 2012 жылға дейін басқарды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Қазіргі мемлекет басшысы бұл шабуылды "республиканың демократиясы мен экономикасына жасалған қастандық"деп атады. Және тергеуге австралиялық полицейлер қатысатынын мәлімдеді.

Ел билігі бұл жарылысқа соңғы жылдары күшейіп келе жатқан діни экстремистерді кіналап отыр. Мальдивтің көптеген тұрғындары Ирак пен Сирияға содырлардың жағында соғысқа аттанып.