ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Маңғыстау облысында 26 мыңнан астам жүргізуші жол ережесін бұзған

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге мұқият болу керек екенін ескертеді

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 26 мыңнан астам дерегін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер жолда ұсақ бұзушылықтардан бастап, қызыл түске өту және мас күйінде көлік жүргізу сияқты өрескел заңбұзушылықтарға дейін әртүрлі бұзушылықтар жасайды.

«2021 жылдың төрт айында Маңғыстау облысының патрульдік полиция инспекторлары 26 761 әкімшілік құқықбұзушылық анықтады. Оның ішінде ұялы телефонды пайдаланған – 3 586 жүргізуші, қауіпсіздік белдіктерінсіз көлік басқарған – 5 552 жүргізушіге хаттамалар жасақталған. 1 556 жүргізуші жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз көлік басқарған. Бағдаршамның тыйым салынған түсінен 592 жүргізуші өтіп, қарсы қозғалыс жолағына 123 жүргізуші шықты. Сондай-ақ, көптеген басқа жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды», - делінген ПД хабарламасынла.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жаяу жүргіншілерге, әсіресе тәуліктің қараңғы мезгілінде мұқият болу керек екенін ескертеді. Жаяу жүргіншілер өтпеліне жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендету қажет, әсіресе балалардың күтпеген жерден келуі мүмкін жерлерде сақ болыңыздар! Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін төрт айда 451 автоәуесқойға әкімшілік хаттама жасақталды.