30.04.2021, 00:21
Оқиғалар
COVID-19: Иранда күн сайын 400-ден астам адам өлімі тіркеліп жатыр
Сондай-ақ тәулігіне 20 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталуда
Фото: aa.com.tr
Иранда күн сайын 20 мыңнан астам жаңа науқас тіркеліп, 400-ден аса адам өліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгінгі таңда Иран елі коронавирус індетінің ең ауыр кезеңін бастан өткеріп жатыр.
Елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ираж Харирчи алдағы бірнеше апта өлім көрсеткіші өседі деп ескертті.
«Жұрт сақтық шараларына бей-жай қарап, жиын-тойға көп барғаннан әрі Наурыз мерекесі кесірінен вирус жұқтырғандар күрт көбейді», - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.
84 миллион халқы бар Иран коронавирустың төртінші толқынына төтеп беру үшін 10 сәуірден бастап Тегеранда және басқа ірі қалаларда жартылай локдаун енгізді.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады