ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

Алматыда жүктиегіш көлік басып кеткен бала өліміне қатысты Сағынтаев пікір білдірді

Қайғылы оқиға саябақтың ортасындағы шіркеу маңында болған

 

Фото: zakon.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 29 сәуір күні қала саябақтарының бірінде жүктиегіш көлік басып кеткен 3 жасар бүлдіршін өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шаһар басшысы қаладағы барлық құрылыс компанияларындағы құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуына қатысты тексеру жүргізуді тапсырғанын айтты.

«Бүгін қайғылы оқиға болды. 3 жасар баланың өмірі үзілді. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Полиция жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізеді. Жайлы қалалық орта мен ҚҚББ басқармаларына бұл нысандағы мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің құрылыс нормалары мен ережелерін сақтауын тексеруді тапсырдым. Сондай-ақ, қаланың барлық құрылыс компанияларының жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын қаншалықты сақтайтынын тексеруді тапсырдым», - деп жазды Б. Сағынтаев Facebook-парақшасында.

Еске салсақ, Алматыдағы 28-панфиловшылар саябағында 3 жасар баланы жүктиегіш көлік басып кетіп, мерт қылған болатын. Қайғылы жағдай саябақтың ортасындағы шіркеудің қасында болған.

Шағын жүктиегіш көлік сол аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар  жүргізіп жатқан. Балақай көгершіндермен ойнап жүрген екен. Алайда жүргізуші баланы басып кеткенін байқамай қалған.