$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2021, 10:26
Оқиғалар

Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол апатын жасаған

Біреуі 19, екіншісі 37 жастағы екі күдікті мас күйде қолға түсті

Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол-көлік апатын жасаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға «Hyundai» автокөлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, алда келе жатқан жеңіл автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

«Бейнебақылау камераларының көмегімен аталған көліктің орналасқан жері анықталды. Оның қозғалыс жолын ЖБО-ның операторы рация бойынша полиция нарядтарына хабарлады. Патрульдік экипаждардың бірі көлікті тауып, жүргізушіден қозғалысты тоқтатуды талап етті, бірақ ол бағынбай, жасырына бастады. Полиция қуғынынан қашуға тырысқан тәртіп бұзушы қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Toyota Land Cruiser-200» автокөлігімен соқтығысты», – деді Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Атабаев.

Көлікте мас күйдегі екі ер адам болған, олардың біреуі 19, екіншісі 37 жаста екені белгілі болды. Деректер базасын тексеру барысында көлік құралы басқа адамға тиесілі екені анықталды. Сондықтан полицейлер ұсталғандарды тергей бастайды.

«Көлікті тексеру кезінде рөл мен поликтердегі қоңыр дақтар күдік тудырған. Дақтар артқы орындықтың жамылғыларында да болған, кейінірек полиция қызметкерлері салоннан қан ізі бар пышақ тапқан. Көп ұзамай ұсталғандардың бірі бірнеше сағат бұрын жүргізушіні өлтіріп, осы көлікті ұрлап кеткенін мойындады», - деді ПБ бастығы.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі «Адам өлтіру» және 192-бабының 3-бөлігі «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары