24.04.2021, 01:19
Оқиғалар
Қарағандыда көшеден ер адамның денесі табылды
Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болмаған
Қарағанды көшелерінің бірінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
22 сәуір күні сағат 11.50 шамасында Мұқанов көшесіндегі «Айза» дүкенінің жанынан 60 жастағы қала тұрғынының денесі табылғаны туралы ақпарат «Вечерняя Караганда» телеграм-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық іздері болмаған.
Аталған фактіні облыстық Полиция департаментінің өкілдері растап, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.
«Мәйіт сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мейітханаға жөнелтілді. Факт полицияда тіркелген. Сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды