ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Қарағанды облысындағы ұшақ апатына қатысты жаңа мәліметтер жарияланды

Әскери ұшақ 16 сәуір күні сағат 20.45 шамасында Балқаш маңында құлаған

Фото: kapital.kz

Балқаш маңында қону сызығына енген кезде СУ-30СМ ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«16 сәуір күні сағат 20.45 шамасында Балқаштағы авиациялық оқу орталығында оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ көпбейінді ұшағы қону сызығына енген сәтте апатқа ұшырады. Ұшақ апатының екі адамнан тұратын экипаж құрамы катапульт жасап үлгерген. Ұшқыштар аман-есен, қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды», - делінген ведомство хабарламасында.   

Қазіргі уақытта оқиға орнына апат себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссия жөнелтілді. 

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақтың құлағаны туралы жазған болатынбыз.