16.04.2021, 22:21
Оқиғалар
Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады
Қорғаныс министрлігі Су-30 ұшағының құлауына қатысты пікір білдірді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігіне қарасты Су-30 ұшағы Қарағанды облысының аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Sputnik Қазақстанға» сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды облысында құлады.
«Ұшақ апатының болғанын растаймыз және толыққанды ақпараттар жинақталып жатыр. СУ-30 ұшағы құлағаны белгілі. Өзге жағдайлар анықталған соң, тиісті хабарлама жасайтын боламыз», – деп түсіндірді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.
Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды