15.04.2021, 09:49
Оқиғалар
Павлодар облысында кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен қылмыстық топ мүшелері сотталды
Мемлекетке келтірілген залал сомасы - 500 млн теңге
Павлодар облысында 4 жылдан астам «өзара есеп айырысу» туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып берумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша ЭТД деректері бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен. Нәтижесінде мемлекетке 500 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірілді.
Павлодар қалалық сотының үкімімен күдіктілер жалған шот-фактураларды жазу бойынша іс-әрекеттер жасауда кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан, 5 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)