14.04.2021, 12:22
Оқиғалар
Екібастұзда майнинг фермасында өрт шықты
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ
Екібастұзда майнинг фермасында өрт шықты. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«Солнечный кентінде орналасқан «ВТС-KZ» ЖШС-нде өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 15:01-де келіп түсті. Майнинг фермасы аумағында майнинг пен қабырғаларды қаптауға арналған жабдықтар жанған. Жалпы ауданы 150 шаршы метр жанған», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнында 14 адам мен үш техника жұмыс істеді.
Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау сағат 17:37-де сөндірілді.

Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 17:53
Астанада ММА файтері сахнада боқтаймын деп басы дауға қалды (ВИДЕО)