ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

«Қанатына тұз қатып қалған»: Атырауда мұнайшылар бес жұп аққуды құтқарды

Екі аққу мерт болған 

фото: azh.kz

13 сәуірде әлеуметтік желіде Мақат ауданының Қошқар кен орнындағы мұнайлы сорда тұрып қалған аққулар туралы ақпарат пайда болды. Сонымен қатар, жергілікті мұнайшылардың осы құстарға көмек көрсеткені туралы фото және бейнежазба да тарады.

Видеоның бірінде кадр сыртындағы дауыс былай дейді: «Тұздан қанаттары жабысып қалған аққулар ұша алмай тұр. Лугзана, оларды сіз алып кетіңіз».

«Ақ Жайық» тілшілері Лугзана деген белгілі зоотехник-волонтер Лугзана Байлауова деп ойлап, онымен байланысқа шыққан. Оның айтуынша, бұрғылаушылардың бірі оған аққулар туралы хабарлап, оларды құтқаруды өтінген.

«Мен бүгін сол жерге барып, бұл туралы әлеуметтік желіде жаздым. Олар түнде, судың қандай екені көрінбейтін кезде ұшып келген шығар. Олар түні бойы лас тұзды суда болып, содан зардап шеккен шығар. Жұмысшылар оларды көріп, бірден шығарып алып, су берген! Қазір аққуларға оңалу керек және таза өзен суы қажет.

Алдымен жұмысшылар 2 аққуды көрген, кейін 3, сосын тағы көбейген. Барлығы 12 аққу табылды, бірақ, өкінішке орай, екеуі опат болды. Қалғандары - бес жұп , аналық және аталық аққулар», - дейді Лугзана.

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, құстарды «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау «Сервистік бұрғылау кәсіпорны» ЖШС мердігерлік компаниясының қызметкерлері құтқарған.

«Ембімұнайгаз» аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясының бастығы Нұрлан Иманғалиевтің өтініші бойынша қазір Қошқар кен орнынан Соколок өзеніне дейін аққуларды тұщы суға, яғни табиғи мекендеу ортасына тасымалдауды қамтамасыз етеді», - деп хабарлайды ЕМГ баспасөз қызметі.

№ 4 бұрғылау бригадасының бастығы Ринат Тоқтабаев жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

«Таңертең сор жағалауында ұша алмай жүрген екі аққуды көрдік. Оларды құрлыққа шығарып едік, сонда да ұшып кете алмады. Олардың қанаттарында тұз қатып қалғанын байқадық. Айналамызға тағы да аққулар жиналып қалды, барлығы 12 аққу. Біреуі өлген, ал екіншісі құрғақ жерге апарғаннан кейін өлді. Тағы біреуі қиналып тұр, таңертеңге дейін шыдаса жақсы болар еді деп уайымдап отырмын. Мен оларға су бүркіп қоямын. Көлік бір сағат ішінде келеді деді», - деді Ринат.