Батыс Қазақстан облысында браконьерлерден 865 киік мүйізі тәркіленді
Бөкей ордасы ауданының үш тұрғыны мен Жәнібек ауданының бір тұрғыны ұсталды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп браконьерлерден 865 дана киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесі болды.
Сонымен, рейд барысында БҚО Бөкей ордасы ауданының үш тұрғыны мен Жәнібек ауданының бір тұрғыны ұсталды, олардан ақбөкендердің мүйіздері тәркіленді», - делінген ведомтво хабарламасында.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 339-бабы «Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша қылмыстық істер қозғалды.