ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1800-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Үш күнде адам саудасына қатысты 62 іс тіркелді – ІІМ

Қазақстанда психоактивті заттардың саудасы да белең алып келеді

Үш күнде еліміз бойынша адам саудасына қатысты 62 іс тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Құзырлылардың дерегінше, кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды жөзекшелікке салу да етек алған. Ал қара жұмысқа жегу фактісі азайыпты. Бұдан бөлек, осы тектес қылмыстарды ұйымдастыру жағдайлары да бар.  

«Жұмысқа жегіп, адамның бас бостандығынан айыру фактісі бойынша бір, адам саудасы бойынша 3 дерек тіркелді. Тағы 10 факті жөзекшелікке тартуға қатысты. Сорақысы онда кәмелеттік жасқа толмағандар да болған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында полиция алты адамнан тұратын топты ұстады. Олар жарты жыл бойы Петропавлда жеңгетайлықпен айналысып келген», - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ, өткен 3 айда 800-ден астам есірткі қылмысы анықталыпты. Оның ішінде 602 сату және 163 аса ірі мөлшерде есірткі сақтау фактісі бар. Жалпы 1 тоннадан астам түрлі есірткі заты тәркіленген. Соңғы жылдары Қазақстанда психоактивті заттардың саудасы да белең алып келеді.

«Осы жылдың 1-тоқсанында жаңа психоактивті заттарды таратудың 369, оның 173 сату және 39 сақтау фактісінің жолы кесілді. Заңсыз айналымға 25 келіден астам есірткі жіберілген жоқ. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Атырау және Ақмола облыстарында синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді», - деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев.