ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Эстрада жұлдыздары тағы да карантин ережелерін бұзды

Карантин талаптарын бұзған әншілердің арасында Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев бар

Әлеуметтік желіде еліміздің бір топ әншілері карантин талаптарына қарамастан той тойлатып, мейрамхана төрінде ән шырқап жүрген видеолары тарады. Белгілі әнші, композитор Нұрлан Еспановтың ұлы өзінің Instagram-парақшасында думанды тойдың қызықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұған дейін жергілікті әкімдіктер той өткізу шараларын кейінге шегеріп, халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырған. Алайда шенділердің мұндай құлаққағысына өнер иелері мен тіпті шенеуніктің өздері де бағынар емес.

Тойға келген қонақтардың ортасында өнер көрсеткен әншілердің қатарында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева мен былтыр ғана мемлекеттік қызметке тағайындалған Шымкен қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиев те бар.

Бұдан бөлек Абай Бегей, Айдана Меденова, Жазира мен Жанболат, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Нұрлан Еспанов сынды эстрада жұлдыздары да той төрінде ән шырқаған. Алайда той иелері мен кештің қай қалада өткені белгісіз.