Ресейлік футболшы матч үстінде қайтыс болды
Стадионда футболшының әкесі де болған
4 сәуірде ресейлік «Знамя труда» жастар клубының футболшысы Никита Сидоров кезекті матч кезінде қайтыс болды. Матч Орехово-Зуево қаласындағы «Торпедо» стадионында өтіп жатқан. Жас футболшының мазасы болмай, алаңда кенет жерге құлаған. Оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, жедел жәлдем шақырылғанмен, дәрігерлер оны ажалдан құтқарып қала алмады. Тіпті, алғашқы көмек көрсеткендердің қатарында футболшының әкесі де болған.
«Жастар командасының негізгі матчы кезінде Никитаның жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер 18 жастағы футболшыны құтқара алмады», – делінген клубтың әлеуметтік желідегі ресми хабарламасында.
Әзірге футболшының нақты неден қайтыс болғаны айтылған жоқ. Қазір бұл жағдайға қатысты медициналық сараптамалар тағайындалды.
Никита Сидоровтың алаңдағы позициясы - қорғаушы. Никита 2015 жылдан бастап «Знамя Труда» командасына қосылған. 2016-2018 жылдары «СШ Спартак-Орехово» командасында ойнап, 2019 жылы «Знамя Труда» клубына қайта оралған. 2020 жылы Никита Сидоров Лиге Б турнирінде 8 матчта ойнап, алаңда 686 минут уақыт өткізген. Бір сары қағаз алған.