05.04.2021, 09:52
Оқиғалар
Шымкентте спиртті қайта өндірумен айналысқан зауыт жұмысы тоқтатылды
Кәсіпорын иесінің 1 жылға бас бостандығы шектелді
Заңсыз әрекет Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың бірінің өндірістік аймағында сатып алынған 70 литр спирт қосылған сұйықтық бар автокөлікті ұстау кезінде анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Ұсталған көліктің аумағын тексеру барысында тағы 25 тонна суррогат алкоголь өнімі табылып, тәркіленді, сарапшылар оны 35 млн теңгеге бағалайды.
Шымкент қалалық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы 1 жылға бостандығын шектей отырып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
