ШҚО-да тұрғын үйде газ баллон жарылып, мүгедек әйел көз жұмды
Қайғылы жағдай өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болған
ШҚО –да тұрғын үйде газ баллон жарылып, әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Глубокое ауданы Веселовка кентіндегі Ленин көшесіндегі өрт туралы хабарлама 4 сәуірде сағат 06:43 шамасында келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде ашық жалынға оранған тұрғын үйде газ баллоны жарылды.
Туыстары үйде мүгедек әйел болуы мүмкін екенін айтты. Газ- түтіннен қорғау қызметінің буынын құрған құтқарушылар жанып жатқан тұрғын жайға кіріп, 1969 жылы туған әйелдің денесін тауып алды. Ол I топтағы мүгедек болған еді.
Өрттің себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Өрттің жалпы ауданы 45 ш.м. болды, оны сөндіруге барлығы жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД мынаны еске салады: өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Күнделікті өмірде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, атап айтқанда:
- - Электр құрылғыларын ағаш немесе пластикалық заттардан, перделерден қашықтықта орналастырыңыз.
- - Кез-келген электр құралын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Бұл жағдайда құрылғының жұмыс уақытына және рұқсат етілген ток талаптарына ерекше назар аударыңыз. Есіңізде болсын, егер сіз компьютерді, жылытқышты, шаңсорғышты бірден бір розеткаға қоссаңыз, жүктеме желі үшін шамадан тыс болуы мүмкін. Егер сіз осы немесе басқа құрылғыны қосқан кезде жарық сәл күңгірт болса, бұл желінің шамадан тыс жүктелуінің нақты белгісі.
Егер электр құралы жанса не істеу керек?
- - штепсельді розеткадан шығарыңыз, егер бұл мүмкін болмаса – пәтерді баспалдақтағы электр тақтасы арқылы ажыратыңыз;
- - құтқарушылар келгенге дейін өртті өз бетіңізше жеңуге тырысыңыз (егер жалын кішкентай болса және сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға ештеңе қауіп төндірмесе) - жанып жатқан құралды тығыз матамен немесе көрпемен жабыңыз-осылайша сіз отқа ауаның кіруін жауып тастайсыз немесе жалынды құммен, топырақпен, ұнтақпен толтыруға тырысасыз.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлаңыз.