$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2021, 04:04
Оқиғалар

СҚО-да интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен жәбірленушінің ұлы ұсталды

Ұлы анасының телефонынан несие рәсімдеп, ақшасын жұмсап тастаған

СҚО-да интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен жәбірленушінің ұлы ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

СҚО-да интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен жәбірленушінің ұлы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл тұрғыны өз атына 60 мың теңгеге шағын несие ресімделгенін анықтап, полицияға жүгінеді. Онымен бірге тұратын 31 жастағы ұлы бірден жедел уәкілдердің назарына түседі. Есірткіге тәуелді жігіт бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін істі болған.

«Әйелдің телефоны тек ұлына ғана қолжетімді болған, сондай-ақ банк картасының пин-кодын білген, карта арқылы ақшаны қолға түсірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның қылмысқа қатысы анықталды», - делінген хабарламада.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

«Бәріңізді жеке мәліметтерді жарияламауға, телефонға құпиясөз орнатуға, ешкімге пин-кодтарды, банк карталарын бермеуге кеңес береміз. Аталған мәліметтер біреудің қолына түсетін болса, қылмыс жасалуы мүмкін, бұл жақын адамдарға да қатысты, ал мобильдік құрылғы немесе карта бөтен адамдардың қолына түсіп жатса, бұл тіптен қауіпті. Қандай технологиялар болмасын, тек сақтық қана қылмыскерден сақталуға көмектеседі», - деді Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Зияфиддин.

Серіктес жаңалықтары