$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2021, 02:35
Оқиғалар

Елордада саудагерлер пара сұраған базар басшысына басып кірді

Базар басшысы саудагерлерден 500 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін пара сұраған

Елордада саудагерлер пара сұраған базар басшысына басып кірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әрқайсынан 500 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін пара сұраған әрі сауда орнын жалдау ақысын 30 пайызға көтереміз деген жаңа директорға саудагерлер осылай жауап берді.

«Алдында, осы жылдың басында бір жарым миллион сұраған. Енді қазір директорымыз ауысты. Бүгін таңертең бірінші күн істеп жатыр. Бес жүз мыңнан беріңдер және 30 пайыз жалға беру бағасын көтер деп жатыр. Таңертең 10 бутиктің саудагерлері бардық. 500 мыңнан беріңдер деді. Не сұмдық?! Пара ғой бұл!», - деп ашынды саудагер Жанна Бақтиярқызы.

Даулы мәселе қаладағы «Он олжа» базарына қатысты болып жатыр. Жуырда базар басшылығы ауысып, бүгін жұмысқа кіріскеніне бірінші күн екен. Бұл талапқа қарсы саудагерлер «Алдымен бәріміздің алдымызда жағдайды түсіндірсін» деп базар директорын бір сағаттай күтті. Бірақ басшылық есік алдына күзет қойғаннан басқа белгі білдірмеді. Амалы құрыған саудагерлер ішке лап қойды. Оларды ішке жібермеймін деп тырмысқан күзетшісін кедергі құрлы көрмей, бір шетке лақтырып тастады.

Дүйім жұртты сарылтып қойған директор орнында отыр екен. Оның айтуынша, саудагерлерді осынша уақыт күттіріп қойған себебі, сауда орнын жалдау ақысын қайта қарапты. Сөйтіп таңертең ғана жалдау ақысын 30 пайызға көтереміз деген талабынан бас тартып, бұрынғыша қалдырды. Ал әрбір саудагерден 500 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін пара сұрағанын «жалған сөз» деп жалтарғысы келді. Мұнысы кабинетке кірген жұртты қыран-топан күлкіге қарық қылды.

Серіктес жаңалықтары