$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2021, 20:49
Оқиғалар

Алматыда жол апатынан 2 адам қаза тапты

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда жол апатынан 2 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласында жеңіл көлік КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жол-көлік оқиғасы қаланың Наурызбай ауданында түскі сағат 12:00 шамасында болған.

«1 сәуір күні «ВАЗ-211440» автокөлігінің жүргізушісі Карьерная көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, КамАЗ көлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал оның көлігінде отырған 2002 жылғы жолаушы ауруханаға барар жолда қайтыс болды», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Департамент өкілі аталған деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚРҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелгенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары