ШұғылҚазақстанда пандемия басталғалы коронавируспен ауырғандар саны 865 мыңға жуықтады

Алматыда «медресе мұғалімі» садақа жәшіктеріндегі ақшаны қолды қылды

Қазір күдіктінің жеке басы мұқият тексеріліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

35 жастағы ер адам өзін медресе қызметкері ретінде көрсетіп, қайырымдылық жәшіктерінен ақша ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу анықтағандай, 1986 жылы туған К.есімді азамат, айтпақшы, бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған, шағын азық-түлік дүкендеріне келіп, садақаға арналған қораптардың ішіндегі ақшаны алаяқтық жолмен иемденіп алған.

«Ол өзін дүкен жұмысшыларына медресе мұғалімімін деп таныстырды. Бір жерде ол қораптарды ашқан, ал ашуы қиын болған жерлерде қайырымдылыққа жиналған қаражатты қорабымен бірге алып кеткен. Тек Алатау ауданында ғана оның осындай үш алаяқтыққа қатысы бары дәлелденді. ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу барысында басқа да қылмыстық эпизодтардың анықталуы мүмкін. Қазір күдіктінің жеке басы мұқият тексеріліп жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.